16.07.2014, 22:22 2889

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Ұлы Жібек жолы дәуірі жәдігерлерінің көрмесі өтуде

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Ұлы Жібек жолы дәуірі жәдігерлерінің көрмесі өтуде

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Ұлы Жібек жолы дәуірі жәдігерлерінің көрмесі өтуде.

"Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайының ашылу салтанатына Ресейдің этнографикалық мұражайы "Орталық Азия мен Кавказдың дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолының мұрасы" атты тақырыптық көрме ұсынды. Онда Орталық Азия мен Кавказ елдерінің өнері, мәдениеті, салт-дәстүрі көрініс тапқан", - деді уақытша сақтаудағы экспонаттарды тіркеу және сақтау бөлімінің жетекшісі Бәтеш Ақпасова.

Ұлттық мұражайдағы көрмеде Ресейлік этнографиялық мұражайдың 400-ден астам экспонаттары қойылды.

Ал, көрменің қақ ортасында Ұлы Жібек жолы дәуіріне тән қазақ халқының киіз үйі мен күнделікті тұрмыста қажет заттары орын тапқан.

Ұлы Жібек жолының бойында қолөнер өндірісінің ірі орталықтары орналасқан және ол арқылы Қытайдан жібек маталар, ыдыс аяқтар, үй жиһаздары мен әшекей бұйымдар әкелінген.

"Этнографикалық жиынтық Орталық Азия елдерінің мәдениеті, тұрмысы мен салт-дәстүрінен сыр шертеді. Көбіне олар киімдердің үлгілері, кілем тоқу мен киіз басу өнерінің әбзелдері мен керек жарақтары", - деп ол атап өтті.

Еретекте Ұлы Жібек жолы бойында ірі-ірі ауылдар орналасып, онда үлкен сауда жүргізілетін болған. Мәселен көрмедегі картиналардың бірінде саудагердің дүңгіршегі алдында саудамен айналысып жатқаны бейнеленген. Қылқалам шеберінің туындысында жібек орамалдарды, тақиялар мен шапандарды көруге болады.

Көне заманнан сыр суыртпақтайтын көрмені фотоқұжаттық бөлім аяқтайды. Онда орыстардың этнограф мамандары жинақтаған фотоматериалдар қойылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны