25.10.2016, 16:54 3385

Қазақстан РФ-дан келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне уақытша шектеулер қойды

Халықаралық эпизоотиялық бюроныӊ (бұдан әрі - ХЭБ) ресми нотификациясы бойынша Ресей Федерациясы Владимир облысыныӊ Вышманово ауылы аумағында аусыл ауруы (Foot and mouth disease) тіркелген.Владимир облысы 2016 жылы ХЭБ-мен аусыл ауруынан вакцинациясыз ерікті аймақ құрамына жататындығын ресми түрде иеленген

Астана. 25 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан РФ-дан келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне уақытша шектеулер қойды, деді АШМ-де өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Халықаралық эпизоотиялық бюроныӊ (бұдан әрі - ХЭБ) ресми нотификациясы бойынша Ресей Федерациясы Владимир облысыныӊ Вышманово ауылы аумағында аусыл ауруы (Foot and mouth disease) тіркелген.Владимир облысы 2016 жылы ХЭБ-мен аусыл ауруынан вакцинациясыз ерікті аймақ құрамына жататындығын ресми түрде иеленген", - деді Г.Исаева, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ХЭБ-ныӊ Жер беті жануарлар санитарлық кодексініӊ 8.8.2 бабына сәйкес аусыл ауруына қарсы вакцинация (егу) жүргізілмейтін, аусыл ауруынан бос аймақтыӊ талаптарыныӊ біріне белгіленген аймақта аусыл ауруыныӊ соӊғы 12 ай ішінде тіркелмегендігі болып табылады.

"Жоғарыдағыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2016 жылғы 25 қазаннан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына тауарлар кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны