17.01.2011, 18:07 3921

Қазақстан РФ-мен арадағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының құрылысы туралы келісімді ратификациялады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының құрылысын салу мен одан ары пайдалану жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 17 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының құрылысын салу мен одан ары пайдалану жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетсек, сенат аталған заңды 28 желтоқсан күні өткен жалпы отырыста қабылдаған болатын.

Бұрын хабарланғанындай, ҚР мен РФ арасындағы келісімнің негізгі мақсаты екі ел арасындағы электр энергетикасы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету, сонымен бірге екі тараптағы мемлекеттердің энергетикалық жүйелерінің параллельді жұмыс істеуін қамтамасыз ету деп аталған. Сонымен бірге, электр энергиясын қатысушы-елдердің аумақтары арқылы сенімді түрде тасымалдауды қамтамасыз ету жайы да әңгіме болады.

Екібастұз ГРЭС 2 үшінші энерго блогының құрылыс жобасын жүзеге асыру барысында тараптардың бірлескен міндеттемелері құжатта нақты жазылған.

ҚР мен РФ арасындағы аталған келісімге Ресей Федерациясының Орынбор қаласында 2009 жылдың 11 қыркүйегінде қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны