09.02.2017, 19:58 4345

"Қазақстан" РТРК" АҚ ұжымына жаӊа басшы болып Ерлан Қарин тағайындалды

"Қазақстан" РТРК" АҚ ұжымына жаӊа басшы болып Ерлан Қарин тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан" РТРК" АҚ ұжымына жаӊа басшы болып Ерлан Қарин тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады. Ол өзініӊ Фейсбуктегі парақшасында былай деп жазды:

"Бүгін "Қазақстан" РТРК" АҚ ұжымына жаӊа басшы - Ерлан Қаринді таныстырдым.

Ерлан Тынымбайұлы білікті саясаттанушы, идеолог, еліміздіӊ шынайы патриоты ретінде көпшілікке жақсы таныс екеніне еш күмәнім жоқ.

Ендігі жерде оған еліміздегі еӊ ірі медиақұрылымныӊ жұмысын одан әрі дамыту тапсырылып отыр.

Ерлан Тынымбайұлы бұған дейінгі іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаӊа деӊгейге көтереді деп сенемін".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны