25.12.2013, 21:14 2873

Қазақстан Салық туралы өзара әкімшілік жәрдем көрсету Конвенциясының құрамына қосылды

Қазіргі уақытта аталған Конвенцияға 63 мемлекет қосылған. Оның негізгі мақсаты болып халықаралық деңгейде салықтан жалтаруға қарсы күресу табылады. Мүше мемлекеттер бір-бірімен ақпаратпен алмасу, салық бақылауын өткізу, сондай-ақ салықтық қарыздарды қайтару және т.б. шаралар арқылы өзара қолғабыс көрсетіп отырады.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Салық сұрақтары жөніндегі өзара әкімшілік жәрдем көрсету жөніндегі Конвенцияға қосылу туралы Актіге қол қою рәсімі өтті, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Еліміздің Үкіметі атынан құжатқа Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Дәненов қол қойды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған Конвенцияға 63 мемлекет қосылған. Оның негізгі мақсаты болып халықаралық деңгейде салықтан жалтаруға қарсы күресу табылады. Мүше мемлекеттер бір-бірімен ақпаратпен алмасу, салық бақылауын өткізу, сондай-ақ салықтық қарыздарды қайтару және т.б. шаралар арқылы өзара қолғабыс көрсетіп отырады.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, Конвенция мақұлдаудан өткеннен кейін үш ай мерзім ішінде күшіне енеді. Бұл елімізде және басқа да мемлекеттерде қазақстандық жеке және заңды тұлғаларға салықтық бақылауды жүйелендіруге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны