04.06.2015, 15:32 3639

Қазақстан Сауд Арабиясымен экономикалық басым бағыттарда тиімді ынтымақтастық орнатуға ынталы - Қ.Жақыпов

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов САК Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гурм бен Саид Аль Малханды қабылдады

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов САК Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гурм бен Саид Аль Малханды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәжіліс Спикері мейманды елшілік қызметке тағайындалуымен құттықтап, өзара ынтымақтастықты дамыту жолындағы жұмысына табыс тіледі.

Қабиболла Жақыпов елшіге тәуелсіздік алған жылдардан бергі жетістіктер жайлы әӊгімелеп, ел дамуындағы негізгі бағдарламаларға, соныӊ ішінде, "Қазақстан -2050" Стратегиясына, Қазақстан Президентініӊ 5 институционалдық реформалары мен оны орындаудыӊ "100 нақты қадам" Ұлттық жоспарына тоқталды.

Палата Төрағасыныӊ атап өткеніндей, қазіргі уақытта Мәжілістіӊ алдында тұрған еӊ маӊызды міндет - Елбасы бастамаларын сапалы заӊдармен қамтамасыз ету.

Кездесу иелері екі ел арасындағы ықпалдастықты, әсіресе, сауда-экономикалық байланыстарды, көпжақты және парламентаралық қарым-қатынасты одан әрі күшейтуге айрықша назар аударды.

Қ. Жақыповтыӊ айтуынша, алдағы уақытта біздіӊ еліміз аталған мемлекетпен ауылшаруашылығы, фармацевтика, мұнай-газ, басқа да экономикалық басым бағыттарда өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға ынталы.

Өз кезегінде елші Сауд Арабиясы Корольдігініӊ Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардыӊ бірі болып мойындаған күннен бастап өзара түсіністік пен сенім аясында қолға алынып келе жатқан маӊызды шараларға көӊіл бөліп, алдағы уақытта барлық салада өзара байланысты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, елші Парламент Мәжілісі делегациясын өз елдеріне ресми сапармен келуге шақыра отырып, оныӊ екіжақты қатынасты, соныӊ ішінде, парламентаралық әріптестікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Палата Спикері Сауд Арабиясы Корольдігініӊ Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігі кандидатурасына, сондай-ақ, Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге көрсеткен қолдаулар үшін ризашылығын айтып, тараптыӊ аталған көрмеге белсене қатысатынына сенім білдірді.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны