26.05.2008, 19:35 3102

Қазақстан шекарашылары 15 тонна ұнды контрабандалық жолмен әкетпек болғандардың жолын кесті

Қазақстан шекарашылары 15 тонна ұнды контрабандалық жолмен әкетпек болғандардың жолын кесті

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шекарашылары бүгін 15 тонна ұнның контрабандалық тасымалына тосқауыл қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Сарыағаш шекара отрядының "Ынтымақ" заставасының аумағында Қазақстанның үш азаматы тұтқындалған. Олар өткізу пунктін айналып, көршілес Өзбекстанға үш жүк көлігімен кетіп бара жатқан. Шекарашылар көліктерден 15 тонна ұн контрабандалық жүкті тапқан.

Мәселенің жай-жапсары анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны