28.02.2008, 17:06 4002

Қазақстан шекарашылары Қазақстан мен Ресейге ірі көлемдегі валюта мен қара металл контрабандасының жолын кесті

Қазақстан шекарашылары Қазақстан мен Ресейге ірі көлемдегі валюта мен қара металл контрабандасының жолын кесті

Астана. 28-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шекарашылары Қазақстан мен Ресейге ірі көлемдегі валюта мен қара металл контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бүгін "Бидайық-авто" шекаралық қадағалау бөлімінің (Петропавл қаласы) шекарашылары кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстан азаматын тұтқындады. Ол көлікпен Ресейге кетіп бара жатқан. Оны жеке тексеру кезінде одан декларацияда көрсетілмеген 80 мың евро мен 400 доллар табылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Тұтқындалушы "Бидайық" кеден бекетінің қызметкерлерінің қолына тапсырылған.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, дәл осы түні, дәл осы бекетте тағы бір Қазақстан азаматы тұтқындалды. Ол Ресейден Қазақстанға кетіп бара жатыр екен. Оны жеке тексеру кезінде оның күртесінің қалтасынан декларацияланбаған 6 000 доллар табылған.

Шекара қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, одан бір күн бұрын осы өткізу бекетінде көлікпен Ресейге кетіп бара жатқан Қазақстан азаматы тұтқындалған. Ол заңсыз 100 мың ресей рублін алып өтпек болған.

Сондай-ақ, 27-ақпан күні "Қайрақ-авто" шекаралық қадағалау бөлімінің (Қостанай қаласы) шекарашылары кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып шетел автокөлігінде Қазақстаннан Ресейге кетіп бара жатқан Ресей азаматын тұтқындаған. Оны жеке тексеру кезінде 11 мың доллар және 20 мың ресей рублі көлеміндегі декларацияланбаған ақша табылған. Ресей азаматы "Қайрақ" кеден бекетінің қызметкерлерінің қолына тапсырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Бұлардан өзге "Атакент" заставасының шекаралық наряды (қазақ-өзбек шекарасы) өткен түнде 9 өзбек азаматын тұтқындаған. Олар төрт автокөлікпен Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған еді. Олар шекараны өткізу бекетінен тыс жерде кесіп өткен. "ЗИЛ" көлігінің жүк салғышынан шекарашылар 20 тонна қара металл тапты. Қазір ол тексерілу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны