29.10.2008, 16:11 1519

Қазақстан шекарашылары көне бұйымдарды алып бара жатқан пойыз жолсерігін қолға түсірді

Қазақстан шекарашылары көне бұйымдарды алып бара жатқан пойыз жолсерігін қолға түсірді

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шекарашылары 28 қазанда көне құнды бұйымдарды алып бара жатқан пойыз жолсерігін қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе шекара отрядының "Жайсан" шекаралық бақылау тобының шекарашылары Ташкент - Мәскеу бағытындағы пойыздың жолсерігі болып істейтін Өзбекстан азаматын ұстады.

"Одан контрабандалық жүк: алты медаль, 1800 - 1961 жылдар аралығындағы 133 монета мен алты көне икона секілді антиквариаттық бұйымдар алынды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, 29 қазанда Қостанай шекара отрядының "Тобыл т.ж." шекаралық бақылау тобының шекарашылары Астана - Киев бағытындағы пойзда декларацияда көрсетілмеген 8 мың АҚШ долларымен Қазақстан азаматын ұстады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны