16.07.2014, 22:43 2732

Қазақстан СІМ басшысы Қырғызстан Президентімен ынтымақтастықты жандандыру жайын талқылады

Бүгін Қырғызстан Республикасына жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты Қырғызстан Республикасы Президенті Алмасбек Атамбаев қабылдады, -деп хабарлайды ҚР СІМ.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Қырғызстан Республикасына жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты Қырғызстан Республикасы Президенті Алмасбек Атамбаев қабылдады, -деп хабарлайды ҚР СІМ.

Тараптардың әңгімесі күн тәртібіндегі халықаралық және екіжақты мәслелерге арналды. Аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық, Қырғызстанның Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одаққа енуі, қазақстандық-қырғызстандық сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруда бірлесе жұмыс істеуге баса назар аударылды.

Қырғызстан Президенті өз елінің алдағы уақыттағы дамуына тоқталып, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді трақты өсіруін қамтамасыз еткен Президент Н.И.Назарбаевтың көрегенді көшбасшылығына жоғары баға берді. А.Атамбаевтың айтуынша, биылғы жылдың қарашасында Астанадғы қазақстандық әріптестерімен келіссөздер жүргізетуге ниетті екенін де айта кетті.

Өз кезегінде ҚР сыртқы істер министрі А.Атамбаевқа "Қазақстан-2050" Стратегиясына сай елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтары туралы баяндады. Сонымен қатар Қазақстан аймақтағы елдермен байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны