08.01.2015, 11:45 4091

Қазақстан СІМ Франциядағы терактіні айыптады

Қазақстан Париждегі қанды шабуылды айыптайды.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазақстан Парижде 2015 жылдыӊ 7 қаӊтарында болған варварлық шабуылды айыптайды. Қаза тапқандардыӊ отбасы мен жақындарына қайғырып көӊіл айтамыз. Біз Францияныӊ экстремизммен күрестегі барлық іс-әрекетін қолдаймыз және халықаралық серіктестерімізбен бірге мұндай қауіп-қатерлермен күресуді жалғастырамыз", - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметініӊ хабарламасында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, кеше Париждегі Charlie Hebdo сатирикалық журналыныӊ кеӊсесінде қаруланған екі адам оқ жаудырып, салдарынан 12 адам қаза тапты. Оныӊ ішінде екі полицей мен бір журналист бар. Тағы 10 шақты адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Франция Президенті Франсуа Олланд бұл оқиғаны лаӊкестік шабуыл деп атады. Жергілікті БАҚ-тыӊ хабарлауынша, 2011 жылы бұл журнал мұсылман басшылары туралы комикстерді жариялаған екен.

Редакцияныӊ Twitter-дегі ресми микроблогындағы соӊғы хабарламада "Ислам мемлекеті" ұйымыныӊ көшбасшысы Абу Бакра әл-Багдадидіӊ карикатурасы тұрған. Бұдан бұрын Charlie Hebdo құрушылары өз парақшаларында Мұхаммед пайғамбардыӊ карикатурасын жариялаған екен. Ал 2006 жылы Charlie Hebdo балаларға арналған Jyllands-Posten басылымындағы Мұхаммед пайғамбардыӊ карикатурасын қайта басып шығарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны