20.04.2015, 21:42 3682

Қазақстан Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға деген халықаралық күш-жігерді қолдайды - ҚР СІМ

Сириялық оппозицияныӊ жекелеген өкілдерініӊ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ атына жолдауын алғанымызды және ол осындай жағдайға сәйкес және сыпайылық ережелері талап ететіндей қарастырылғанын растаймыз. Осыған орай, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтыӊ атынан жауап-хат жолданды

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Сириялық оппозицияныӊ жекелеген өкілдерініӊ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ атына жолдауын алғанымызды және ол осындай жағдайға сәйкес және сыпайылық ережелері талап ететіндей қарастырылғанын растаймыз. Осыған орай, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтыӊ атынан жауап-хат жолданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біздіӊ еліміздіӊ принципиалдық ұстанымдары келесі мәселелерді қамтиды: Қазақстан БҰҰ, Араб мемлекеттер лигасы, АҚШ, РФ өкілдік еткен халықаралық қауымдастықтыӊ қабылдап отырған шараларын, сонымен қатар сириялық билік пен оппозицияныӊ зорлық-зомбылық пен қантөгісті тез арада тоқтату мақсатында өзара үнқатысу мен татулық арқылы Сирияныӊ саяси болашағын айқындауға бағытталған күш-жігерін қолдайды. Осыған орай, Қазақстан Сириядағы қақтығысты реттеу бойынша "Женева-2" конференциясы аясында сириялық билік пен оппозияция арасындағы келіссөздердіӊ жалғасуына үміттенеді. Қазақстан сириялық қақтығыс тек бейбіт жолмен ғана шешіледі деген ұстанымға бекем байланған, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Сириялық оппозиция өқілдерініӊ жолдауы дәл осындай қағидамен қарастырылды.

Өзініӊ жауап-хатында ҚР Сыртқы істер министрі тағы да Қазақстанныӊ Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға деген ұлттық және халықаралық күш-жігерді қолдайтынын жеткізді. Ол Қазақстан тиісті тараптар үшін қажетті үнқатысу алаӊын ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін және осыдан келе хат авторларын бірінші бейресми және көпшіліксіз пікіралмасу отырысын өткізу үшін Астанаға шақыру мәселелерін атап өтті. (Жабық хат-алмасу жарыққа шығып, БАҚ-тарда жариялануы кем дегенде таӊ қаларлық жағдай). Сонымен қатар, хатта кездесу форматы, делегация құрамы, олардыӊ репрезентативтілігі, ұсынылып отырған платформаныӊ қатысушыларыныӊ міндеттері мен ақырғы мақсаттары жетістікке қол жеткізу үшін аса маӊызды екендігі арнайы аталып өтілді.

Осылайша, қазіргі таӊда мәселе тек аталған жағдайды тереӊірек зерттеу туралы болып отыр. Біз хат авторларын Қазақстанға жұмыс бабында келіп, танысып, әрі қарай мәселені талқылауға негіздеменіӊ бар-жоқтығын түсіну мақсатында шақырып отырмыз.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бар келіссөздер алаӊдарын, соныӊ ішінде женевалық және мәскеулік форматтардағы келіссөздерді принципиалды тұрғыда қолдайтынымызды және Қазақстанда сириялық дағдарысты шешу кеудемсоқтығы немесе қазіргі бар алаӊдарды ауыстыруға деген қандай да бір ниет жоқ екенін ерекше атап өтеміз.

Сондай-ақ, хатта Сириядағы ауыр гуманитарлық дағдарыстыӊ салдарына қатты алаӊдаушылық айтылып, Қазақстан азаматтық тұрғындардыӊ жағдайын кішкене болсын жеӊілдету мақсатында барынша көмек көрсетіп келгені және алдағы уақытта да бұл бағыт бойынша жұмысты жалғастыра беретіні жеткізіліп, әлемдік қауымдастықтыӊ күш-жігері дәл осы бағытқа жұмылу керектігі айтылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны