06.06.2018, 19:35 4693

Қазақстан соӊғы 10 жылда темекіге қарсы күресте белгілі жетістіктерге қол жеткізді

"ДДҰ деректері бойынша әлемде шамамен мерзімімен бұрын орын алатын өлімніӊ 80% -ы төрт анағұрлым кеӊ тараған қауіп факторларымен байланысты - темекі шегу және алкоголь ішу, дұрыс тамақтанбау және денелей аз белсенділік.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарыныӊ, "Нұр Отан" партиясы мүшелерініӊ, ҚР ДСМ мемлекеттік органдарыныӊ құрылымдық бөлімшелері басшыларыныӊ, ведомство басшыларыныӊ, Дүниежүзілік банк сарапшыларыныӊ, ҚР ҮЕҰ мен Ресей өкілдерініӊ және басқалардыӊ қатысуымен денсаулық үшін зиянды өнімдер мәселелері жөніндегі секторларалық кеӊесте хабарлады.

Алексей Цойдыӊ айтуынша, Елбасы өзініӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудыӊ алдын алуға бағытталуға тиістігін, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керектігін, жастардыӊ репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Елбасыныӊ Жолдауын іске асыру үшін 2018-2021 жылдарға арналған қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары сектораралық іс-қимылды дамыту, инфекциялық емес және инфекциялық аулуларды профилактикалау, дұрыс тамақтану бойынша іс-шараларды нығайтуға бағытталған".

"ДДҰ деректері бойынша әлемде шамамен мерзімімен бұрын орын алатын өлімніӊ 80% -ы төрт анағұрлым кеӊ тараған қауіп факторларымен байланысты - темекі шегу және алкоголь ішу, дұрыс тамақтанбау және денелей аз белсенділік, осыған орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018-2021 жылдарға арналған қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеӊберінде халық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық факторларыныӊ әсерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыруды көздейді" дегенді қоса айтты.

Оған қоса, вице-министр Қазақстанда жарнамада тыйым салу практикасы енгізілгенін, ауруханаларды, жұмыс орындарын, мектептерді, қоғамдық көлікті қоса алғандағы қоғамдық объектілер темекі түтінінен 100% -ға арылғанын, темекі өніміне салынатын салық бөлшектеп саудалау құныныӊ 40%-н құрайтынын, темекіні тастау тілегін білдірген адамдарға тегін негізде МСАК деӊгейінде қызметтер (темекіге қарсы орталықтар) көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ ол Дүниежүзілік банктіӊ сарапшылары ұсынған алдыӊғы қатарлы тәжірибе денсаулық үшін құрамында қант, тұз, трансмайлар деӊгейі жоғары өнімдердіӊ, алкоголь және темекі өнімдерініӊ "зиянды" әсерін азайту бойынша қосымша шараларды қабылдау қажеттігін растайтынын хабарлады. Осылайша, тәтті және алкоголь өнімдеріне салықты енгізу және құрамында тұзы көп (тұздалған) өнімдерді әкелуге тыйым салу Финляндияда соӊғы 7 жылда инфекциялық емес аурулардыӊ деӊгейін 80 %-ға төмендетті, Венгрияда халықтыӊ зиян өнімдерді тұтыну деӊгейін 73 %-ға азайтты.

Сөзін қорытындылай келе, Алексей Цой, темекі шегу індетініӊ қарқынын азайтудыӊ еӊ тиімді құралы акциздік саясат екенін атап өтті. Темекі өнімдеріне акциздерді әрбір 10 %-ға көтеру, дамушы елдерде балалар мен жасөспірімдер арасында тұтынудыӊ 8% -ға және дамыған елдерде 4 %-ға азайтады. Елімізде шылымға акциздерді жоғарылату тиімділігін растау және осы саяси шараныӊ денсаулықты сақтауға үлесініӊ бар болу тәжірибесі бар. Фильтрлі темекіге 2013 жылы бір қорапқа 31 теӊдеген 60 теӊгеге дейін акциз мөлшерлемесін бір рет көтеру ересектер арасында шылым шегу деӊгейін төмендетті және елдіӊ мемлекеттік бюджетіне кірістіӊ 3 есе (2014 жылы 45,5 млрд. теӊгеден 2017 жылы 138 млрд. теӊгеге дейін) түсуін айтарлықтай арттырды. Мысалы, Ресей Федерациясыныӊ және Қытай Үкіметі темекі өнімдеріне акциздердіӊ ағымдағы мөлшерлемелерін үнемі көтеріп отырады. Темекі өнімдеріне акциздерді көтеру үлгісі мемлекеттік бюджетке кіріс және темекі өнімдерін тұтынуды азайту, сондай-ақ еӊ бірінші кезекте қанайналым жүйесі, тыныс алу ағзалары және онкологиялық аурулар секілді инфекциялық емес аурулардан өлім көрсеткішініӊ азаю болжамын береді.

Кеӊеске қатысушылар талқылау барысында басқа елдердіӊ тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау, қаржы және ұлттық экономика министрліктерініӊ, "Атамекен" ҰКП, үкіметтік емес ұйымдардыӊ және қоғамдастықтардыӊ үйлестірілген іс-қимылдары арқылы негізгі инфекциялық емес ауруларды - қанайнылымы жүйесініӊ, тыныс алу ағзаларыныӊ аурулары, онкологиялық ауруларды профилактикалау мақсатында денсаулыққа әсерін тигізетін "зиян" өнімдерді азайту бойынша қосымша шараларды енгізу мүмкіндігін пайдалану қажет деген пікірге келді, деп хабарлайды ҚР ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны