Система Orphus

Қазақстан Таяу Шығыстағы дау-дамайларды тоқтатуда айтарлықтай рөл атқара алады - Израиль президенті

30.06.2009, 15:18 111

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Таяу Шығыстағы дау-дамайларды тоқтатуда айтарлықтай рөл атқара алады. Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Израиль президенті Шимон Перес осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Таяу Шығыстағы шиеленістерді тоқтатуда айтарлықтай рөл атқара алады деп есептеймін. Осы мәселеге қатысты Қазақстан президентінің ойлары мен көзқарастарын тыңдағаныма қуаныштымын", деді Ш. Перес.

Ш. Перес Қазақстан халықаралық байланыстардың астанасына айналғанын атап өтті. "Менің ойымша, бұл түрлі діндер арасындағы ғана емес, сонымен бірге түрлі мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны