25.07.2007, 16:45 2801

Қазақстан техникалық қызмет бойынша Солтүстік Атлантикалық альянспен арадағы өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті

АСТАНА. 25-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы техникалық қызмет бойынша және материалдық-техникалық қамтамасыздық саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл меморандум мүдделі тараптар Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлантикалық альянстың материалдық-техникалық қамтамасыздық және қызмет көрсету, сондай-ақ, атыс қарулары мен оқ-дәрінің артық бөлігін жою саласындағы ынтымақтастық үшін базалық негіз болып табылатын негіздемелік құжатқа жатады",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, меморандум ережелерін жүзеге асыру үшін ынтымақтастықтың келешегі бар салаларын айқындау жұмыстары жүргізілді. "Бұлар зымыран отынының құрамды бөліктерін пайдалы жарату, жарылмаған снарядтарды сақтау орындарын (464 гектарға жуық) тазарту, атыс қарулары мен оқ-дәрілерді жою (тиісінше 27300 және 2,5 млн дана) секілді бағыттар",- делінген қорытындыда.

Аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан үшін Солтүстік Атлантикалық альянстың "Бейбітшілік үшінгі ынтымақтастық" бағдарламасының сенім қорынан қайтарымсыз негізде қаржы бөлінеді, делінген қорытындыда.

Меморандумға 2003-жылдың 1-шілдесінде Брюссельде қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны