25.04.2008, 13:36 2665

"Қазақстан Темір Жолы" компаниясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс мамырдың аяғында сотқа жіберіледі - қаржы полициясы

"Қазақстан Темір Жолы" компаниясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс мамырдың аяғында сотқа жіберіледі - қаржы полициясы

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігі "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевке қатысты қылмыстық істі тексеруді аяқтап, мамырдың аяғында сотқа жібермекші. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында қаржы полициясының басшысы Сарыбай Қалмырзаев мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Бұл қылмыстық іске қатысты қылмыстық іс келесі айдың аяғында аяқталады. Сотқа айдың аяғында жолданады", -деді С. Қалмырзаев. Оның айтуынша, "компания басшысының кінәлі екенін растайтын дәлелдер жеткілікті". Сонымен бірге, қаржы полициясы басшысының айтуынша, "оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екенін растайтын куәгерлер де бар".

"Қазір Күлекеев түрмеде отыр",- деп нақтылады С.Қалмырзаев.

Журналистер сауалына жауап берген С. Қалмырзаев "қаржы полициясы тарапынан Ж.Күлекеевтің кінәсіздік презумпциясы бұзылып отырған жоқ", деп атап көрсетті. "Біз заң бұзған болсақ, онда бізге ол жайында айтар еді. Онымен шектелмей мен осы істі тексеруде заңдылықтың сақталуын ұдайы сұраймын. Заңдылық сақталып та отыр", -деп мәлімдеді ол.

"Бәрі бұл тапсырыспен жасалған іс деп ойлайды. Ол мүлдем қате. Күлекеев қылмыс үстінде ұсталды", -деді қаржы полициясының басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев бір мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерді бір компанияның пайдасына шешу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталуда. Оны қаржы полициясының қызметкерлері 1 сәуірде ұстаған. Қазір тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны