03.04.2008, 16:49 3426

"Қазақстан темір жолы" президенті 100 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

"Қазақстан темір жолы" президенті 100 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

Астана. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан темір жолы" ҰК президенті Жақсыбек Күлекеев 100 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Қазақстан темір жолы" ҰК президенті Жақсыбек Күлекеевке келсек, оның 100 АҚШ доллары көлемінде аса ірі көлемдегі пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймын", - деді Н. Нұрпейісов.

Оның айтуынша, Ж.Күлекеевке қатысты қылмыстық істі қаржы полициясы органдары қозғады. "Ал тұтқындауға санкция беруге келсек - бұл уақытқа қатысты мәселе", - деді ресми өкіл.

Оның түсіндіруінше, Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, ұсталған сәттен бастап тұтқындауға дейін тергеу органдарында санкция алуға 72 сағат бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің қызметкерлері 1-сәуірде "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ның президенті Жақсыбек Күлекеевті ұстады.

"Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Изірге біз тергеу мүддесіне сәйкес оған қандай баптармен айып тағылатынын айта алмаймыз", -деді қаржы полициясының баспасөз қызметінің жетекшісі Ибдірәлі Бөлебай.

Ж. Күлекеев "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ның президенті қызметіне 2007 жылдың 28-мамырында тағайындалған.

Сондай-ақ, "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағанындай, "Самұрық" холдингі" АҚ басқарушы компаниясының шешімімен компанияның бірінші вице-президенті Қажымұрат Нағманов президенттің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық назарын ұлттық компанияның жұмысы қалыпты тәртіппен жүргізіліп жатқанына аударады.

"Компания жүк және жолаушы тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік міндеттерді атқаруда. Бастапқы жоспарға сәйкес, "Самұрық" холдингі" АҚ басқарушы компаниясы мен Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен даму бағдарламалары жүзеге асырылуда",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Желілік БАҚ-тардағы астыртын ақпарат көздері таратып жатқан компанияның мамандары тұтқындалуда деген хабарлар шындыққа сай келмейтін дақпырт болмақ. Қаржы полициясы тек компанияның басшысы ғана тұтқындалғанын ресми түрде хабарлады. Оған қатысты тергеу жүргізілуде".

Осыған байланысты "Қазақстан темір жолы" тергеу жайлы ҚР ресми құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрай отырып, "азамат тек соттың шешімімен ғана айыпты деп танылады" деген конституциялық "кінәсіздік презумпциясы" принципіне бағынуды ұсынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны