15.03.2010, 18:17 3109

"Қазақстан темір жолы" президенті мемлекет басшысын компанияның қызметін жетілдірудің негізгі бағыттарынан хабардар етті

"Қазақстан темір жолы" президенті мемлекет басшысын компанияның қызметін жетілдірудің негізгі бағыттарынан хабардар етті

Астана. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Мамин президентті компанияның қызметін жетілдірудің негізгі бағыттарынан хабардар етті. "Қазақстан темір жолы" АҚ темір жолдағы машина жасау саласын дамыту, жолаушылар тасымалын ұлғайту, еңбек өнімділігін арттырумен айналысуда.

"Компания тарапынан салаға 4,5 триллион теңге көлемінде инвестицияны қарастыратын 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған темір жол көлігін дамыту бағдарламасы әзірленді. Кездесудің қорытындысы бойынша мемлекет басшысы темір жол саласындағы негізгі серпінді жобаларды дамыту жөнінде нақты тапсырма берді", - деді А.Мамин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны