05.12.2008, 17:55 2973

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы мен оның еншілес кәсіпорындары 112 миллиард теңгені заңсыз шығындаған - ҚР Бас прокуратурасы

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы мен оның еншілес кәсіпорындары 112 миллиард теңгені заңсыз шығындаған - ҚР Бас прокуратурасы

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы мен оның еншілес кәсіпорындары 112 миллиард теңгені заңсыз шығындаған. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" Халықтық -демократиялық партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 6-шы отырысында Бас прокуратураның мемлекеттік органдардың қызметтерінің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның мәліметтеріне қарағанда, компанияда мемлекеттік сатып алулар кезінде конкурсқа қатысушыларға бірдей мүмкіндіктер жасалмаған. Сондай-ақ алаяқтық әрекеттерге де жол беріліп, біліктілік талаптарына сай келмейтін компаниялар жеңімпаз болып шыққан.

Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, ұлттық компания қызметкерлерінің жалған кәсіпорындар арқылы иемденген ақшаларының құны 1,5 миллиард теңгеден асқан. "Осы жолғы тексерулер барысында прокуратура 26 қылмыстық іс қозғап, бірқатар материалдарды қаржы полициясына тексеруге жіберді.

"Сонымен қатар, ұлттық компанияда темір жолды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бекітілген келісімге сай жүзеге асырылмаған. Жобалық-сметалық құжаттар бойынша 60 учаскені жөндеу жұмыстары 20 миллиард теңгеден асатын болған. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік сараптаудан мүлдем өтпеген. Сондай-ақ компания өкілдері ұйымның қаржысын арнайы құрылған фирмалар арқылы жасырып жүрген", деді С.Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны