23.02.2007, 10:29 3082

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында аса ірі көлемде қаржы жымқыру оқиғалары әшкереленді

АСТАНА. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Прокуратура "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында қаржылық заң бұзушылықтарды, соның ішінде аса ірі көлемде қаржы жымқыру оқиғаларын әшкереледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі бас прокурор Рашид Түсіпбековтың сәрсенбіде президенттің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.

Отырыстың бірінші бөлімі жабық есік жағдайында өткен, Р.Түсіпбековтың сөзі кеше Бас прокуратураның сайтында жарияланды.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында тексерулер жүргізу барысында тендерлердің басым бөлігі заң бұзу арқылы өткендігі, ұлттық компанияның 56 млрд теңгеден асатын қаржысын тиімсіз пайдалану деректері анықталды. Мемлекеттік сатып алуға арналған қаржыдан шамамен 2,5 млрд теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған, ал шетелдік банктерге 5 млрд теңгеден астам қаржы аударылған",- деді бас прокурор Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, барлық заң бұзушылықтар мен қаржы жымқыру деректері бойынша іс материалдары алдын-ала тексеру жүргізу үшін экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігіне тапсырылған.

Сонымен бірге Р.Түсіпбековтың хабарлауынша, қазір "Қазақтелеком" АҚ мен KEGOC АҚ-ында да жүргізілуде.

"Мемлекеттік сатып алу саласында заңды өрескел бұзу оқиғалары жалғасуда",- деді прокурор. "Заңнамалық базаның жетілдірілмеуі, мемлекеттік сатып алу жүйесінің жабықтығы мен уәкілетті орган тарапынан қолданылатын шаралардың жеткіліксіздігі мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардың жекелеген лауазым иелеріне қаржыны жымқыруға, тауарлар мен қызметтердің құнын негізсіз көтеруге, олармен аффилиирлік байланыстағы шаруашылық субьектілерінің мүддесін заңсыз лобби жасағаны үшін пара алуға мүмкіндік береді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны