07.06.2007, 17:17 2927

Қазақстан ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекітті

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекіту жөніндегі" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл конвенцияға бірігудің орынды болатын себебі, қазір ТМД аясында демократиялық сайлаулар өткізу, саяси партиялардың сайлауларға қатысу жайы, сайлау туралы ақпараттар тарату мен оларға халықаралық бақылау жасау, сайлау құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, негізгі стандарттары бар біртұтас халықаралық құқықтық құжат жоқ",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Конвенцияға 2002-жылдың 7-қазанында Кишинев қаласында қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны