26.09.2012, 10:55 2945

Қазақстан ТМД елдеріне мұнай өнімдерінің экспорттық бажын салу құқығына ие болады

Қазақстан ТМД елдеріне мұнай өнімдері және басқа да бірқатар тауарларға қатысты экспорттық баж салу құқығына ие болады.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан ТМД елдеріне мұнай өнімдерінің экспорттық бажын салу құқығына ие болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан ТМД елдеріне мұнай өнімдері және басқа да бірқатар тауарларға қатысты экспорттық баж салу құқығына ие болады.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасына қатысты баяндаған Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Еркін сауда аймағы туралы шартқа байланысты импорттық баж салығын біртіндеп жою мерзімі мен эскпорттық баж салығы бойынша келіссөздер жүргізу міндеттемесі бекітілген.

"Құжат күшіне енгеннен соң Қазақстан келісімге қатысушы барлық тараптарға мұнай және мұнай өнімдерін, малдың өңделмеген терісі мен жүнін, қара және түсті металлдар қалдығы мен сынықтарын, соя, рапс және күнбағыс тұқымдарын, табиғи газ және басқа да тауарларын біздің елден ТМД елдеріне экспортқа шығарылғанда экспорттық бажды қолдану құқығына ие болады. Бүгінгі күні біз көптеген ТМД мемлекеттеріне бірқатар тауарлар бойынша, мысалы мұнай өнімдеріне экспортық бажды қолдана алмаймыз. Сондықтан да, көп жағдайда экспортқа шектеу қойып келеміз", - дейді министр.

Жанар Айтжанованың айтуынша, сауда статистикасы Қазақстанның мұнай өнімдері үшінші елдерге, оның ішінде Ауғанстанға, Иранға және басқа да елдерге заңсыз түрде ТМД мемлекеттері арқылы кетіп жатқанын көрсеткен.

"Бұндай келеңсіздіктерге тыйым салу үшін біз ТМД мемлекеттеріне экспорттық бажды қолдануымыз керек және аталған шарт аясында осындай құқықтарды қамтуға болады", - дейді Ж. Айтжанова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны