25.06.2008, 13:18 2899

Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко "Көксарай" су реттегішінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко "Көксарай" су реттегішінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

Шымкент. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Көксарай" су реттегішінің құрылысы салынатын жерге капсула салу рәсіміне қатысты. Ол үстінгі бетіне "Сырдария өзеніндегі су тасқынына қарсы Көксарай су тоспасының құрылысы. 2008 жыл." деген сөздер ойылып жазылған темірқазықты бөгеттің іргетасына қалады,- деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Рәсімге қатысқан Владимир Божко: "жыл сайын төтенше жағдайлар қызметі 200 мыңдай тұрғынды тасқын қауіпі бар аймақтардан көшіріп әбігерге түсетін Жаңа нысанның құрылысы енді бұл қиындықтарды түпкілікті жоюға мүмкіндік бермек",- деді.

Сыйымдылығы 3 млрд текше метр болатын су реттігішінің құрылысына 223 млн доллар жұмсалмақ. Бөгеттің ұзындығы 45 шақырым жерге дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны