29.10.2009, 14:39 3273

Қазақстан үкімет басшысы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне әскери жиіліктерді азаматтық айналымға түсіруді және 3G секторды дамытуды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне әскери жиіліктерді азаматтық айналымға түсіруді және 3G секторды дамытуды тапсырды

Астана. 29 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне әскери жиіліктерді азаматтық айналымға түсіруді және 3G секторды дамытуды тапсырды. Ол бүгін бұл туралы "Электронды үкіметтің бастамалары" атты ІҮ халықаралық конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің алдына әскери жиіліктерді азаматтық айналымға түсіру және 3G секторды дамыту міндетін қойдым. Меніңше, біздің бұған дайындық деңгейіміз жоғары және мен бұл мәселені жылдың аяғына дейін шешуді Қорғаныс министрлігіне міндеттеймін. Қазақстанда 3G пайда болуы қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны