28.03.2007, 12:07 2989

Қазақстан үкімет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапарын бастады

АҚТӨБЕ. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ақтөбе облысына бір күндік жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Үкімет басшысының ұшағы Ақтөбе халықаралық әуежайына жергілікті уақытпен сағат 10-да келіп қонды.

"Үкімет басшысы сапарының бағдарламасы өте тығыз. Бір күнде ол он бір нысанда болмақ", деп хабарлайды Ақтөбе облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

К.Мәсімов Ақтөбеде баратын бірінші нысан - халыққа "бір терезе" қағидатымен қызмет көрсететін таяуда ашылған орталық болмақ.

Бұдан кейін үкімет басшысы құрылыс материалдары, бетон және темірбетон конструкциялар өндіретін "Стройдеталь" ЖШС-іне барады. К.Мәсімов сонымен бірге "Хобас Пайпс Қазақстан" ЖШС-нің әйнектіталшықпен күшейтілген полиэфирден құбырлар мен фитингтер өндіретін зауытта болып, "Интергласс Қазақстан" ЖШС-нің әйнек зауытының құрылысымен танысып, "Ақтөбе мыс компаниясы"ЖШС-нің мыс кенін өңдеу комбинаты мен "Меркурий" АҚ цемент өндіру зауытында болады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, К.Мәсімов бір сағат уақытын облыс орталығының даму келешегі мен Ақтөбенің бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысын салу барысымен танысуға арнамақ. Сонымен бірге үкімет басшысына республикамызда "электронды үкіметті" құру және дамыту аясында Ақтөбе облысын ақпараттандыру жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған аймақтық бағдарламаның барысы жайлы баяндамақ.

Бұған қоса үкімет басшысының жалпыұлттық "Атамекен" кәсіпкерлер одағының Ақтөбе филиалының мүшелерімен кездесуі жоспарланған.

Сонымен бірге түске дейін үкімет басшысы Ақтөбедегі "ТНК "Казхром" АҚ+ның ферроқорытпалар зауытында және "Туркуаз Эдибл Ойл Индастриес" ЖШС-нің өсімдік майын өндіретін зауытында болмақшы.

К.Мәсімов түстен кейін тікұшақпен Мұғалжар ауданындағы Жаңажолға шығып, онда жұмыс істеп жатқан Жаңажол газ өңдеу зауыты мен Жаңажол- КС-3

газ құбырының компрессорлық станциясын аралайды.

Кешке таман үкімет басшысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласына келеді деп күтілуде. Бұл жерде қазір бірнеше зауыт салынуда: шыныдан бөтелкелер өндіретін "Ақтөбе-Кварц" ЖШС, силикат кірпіш шығаратын "Силикат-А" ЖШС, сондай-ақ, құрылысқа арналған газбетонды блоктар мен базальт талшықтар өндіретін "Базальт-А" ЖШС.

Ақтөбе облысына жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес үкімет басшысы баратын соңғы нысан Қандыағаш газқұбырлы электр станциясы мен металлургиялық зауыт құрылысы жобасының тұсаукесері болмақ. Бұдан кейін К.Мәсімов Астанаға ұшады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны