14.09.2009, 11:02 1381

Қазақстан үкімет басшысы әлеуметтік саланың барлық нысандарының қауіпсіздігіне кешенді тексеру жүргізуді тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы әлеуметтік саланың барлық нысандарының қауіпсіздігіне кешенді тексеру жүргізуді тапсырды

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы әлеуметтік саланың барлық нысандарының қауіпсіздігіне кешенді тексеру жүргізуді тапсырды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Барлық әкімдерге, барлық министрліктер мен мекемелерге әлеуметтік маңызы бар нысанда өрт шығу секілді оқиғаларға бұдан былай жол бермеу үшін әлеуметтік саланың барлық нысандарының қауіпсіздігіне кешенді тексеру жүргізуді тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.

Кәрім Мәсімов сонымен бірге егер тексерулер жүргізуге қосымша қаржы қажет болып жатса, "Жол картасын" жүзеге асыруға жұмсауға берілген қаржының пайдаланылатындығын атап өтті.

"Илеуметтік саланың барлық нысандарының қауіпсіздігіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі ұсыныстарды бір аптада енгізу қажет. Біз бұрынғы кеңестік кеңістікте осындай оқиғалардың болып жатқанын көріп отырмыз. Біз оған мұқият қарап, барлық жүйелі жұмыстарды жүргізуіміз қажет", - деді ол.

"Кеше мен наркодиспансердегі өрт жайлы мемлекет басшысын хабардар еттім, ол оны айрықша бақылауға алды", - деді премьер-министр.

Үкімет басшысы сонымен бірге өрттің себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияның "жұмысын аяқтап, тиісті қорытынды шығарып, барлық зардап шеккендерге көмек көрсету қажет", деп атап өтті. Үкіметтік комиссияның жұмысына жауапты адам ретінде премьер-министрдің орынбасары Серік Ахметов тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны