26.11.2009, 16:41 2818

Қазақстан үкімет басшысы БАҚ-тарды балабақшаларда қосымша орындар құру жөніндегі үкімет шешімдерінің орындалуы жайлы хабарлап отыруға шақырды

Қазақстан үкімет басшысы БАҚ-тарды балабақшаларда қосымша орындар құру жөніндегі үкімет шешімдерінің орындалуы жайлы хабарлап отыруға шақырды

Астана. 26 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов БАҚ-тарды балабақшаларда қосымша орындар құру және жанар-жағармайдың бағасының түзілуі жөніндегі үкімет шешімдерінің орындалуы жайлы хабарлап отыруға шақырды. Ол бұл туралы бүгін Астанадағы базарлар мен мектепке дейінгі мекемелерді аралаған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгіннен бастап әрбір әкім бір апта бойы балабақшаларды аралап шығуы тиіс", - деді Кәрім Мәсімов.

Ол журналистерге жргілікті жерлерде осы жұмыстың жүргізілуі барысы туралы хабарлап отыруды ұсынды.

Бұған қоса Кәрім Мәсімов БАҚ-тардан жанар-жағармайдың бағасына қатысты шешімдердің орындалуын қадағалауды сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны