01.02.2010, 16:54 3376

Қазақстан үкімет басшысы балалардың С гепатитін жұқтыруына қатысты ахуалдың мән-жайын тез арада анықтауды тапсырды

"Балалардың С гепатитін жұқтыруына қатысты олардың ата-аналарының шағымданып жүруі - өрескел оқиға. Енді оның қайдан таралғанын таба алмай отырсыздар", - деді Кәрім Мәсімов. "Тәртіп орнатыңыздар, балалардың ауруды қайда жұқтырып алғанын айтыңыздар, адамдар бізге сеніп отыр", - деді премьер-министр.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы балалардың С гепатитін жұқтыруына қатысты ахуалды өрескел оқиға деп атап, оның мән-жайын тез арада анықтауды тапсырды. Бұл туралы Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Балалардың С гепатитін жұқтыруына қатысты олардың ата-аналарының шағымданып жүруі - өрескел оқиға. Енді оның қайдан таралғанын таба алмай отырсыздар", - деді Кәрім Мәсімов.

"Тәртіп орнатыңыздар, балалардың ауруды қайда жұқтырып алғанын айтыңыздар, адамдар бізге сеніп отыр", - деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны