08.10.2008, 19:15 2718

Қазақстан үкімет басшысы Біріккен Араб Имірліктерінің президенті қорының атқарушы директорымен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы Біріккен Араб Имірліктерінің президенті қорының атқарушы директорымен кездесті

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Біріккен Араб Имірлігінің (БАИ) президенті шейх Халифа Бен Заид Ил Нахайян қорының атқарушы директоры Мохаммед қажы Ил Хуримен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар қордың Қазақстандағы инвестициялық жоспарын одан әрі іске асыру мәселесін талқылады.

"Біз біздің елдердің президенттері арасындағы келісімдерге сәйкес Қазақстандағы өз қызметімізді жүзеге асырамыз", деп атап өтті М. Ил Хури.

Ол қор Астана қаласында жаңа мектеп құрылысын бастайтынын және Шымкент қаласында 120 орынды аурухана құрылысының жобасын іске асыратынын мәлімдеді.

Бұдан басқа, әлемдегі ең ірі мешіттің бірінен саналатын, 5 мың адамға арналған мешіт Қазақстанда салынатын болады. "Бұл шейх Халифа Бен Заид Ил Нахайянның Қазақстан халқына тартуы", - деді Мохаммед қажы Ил Хури.

Кездесудің соңында тараптар ынтымақтастықтықтың алдағы уақытта тығыз орнығуына, сондай-ақ Қазақстан мен БАИ арасындағы қарым-қатнастардың дамуы мен нығая түсетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны