01.10.2009, 18:13 3348

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ұлыбританияның Қазақстандағы және Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Пол Браммеллді елшілік қызметі мерзімінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі жақты қарым - қатынастарды әрі қарай дамыту, атап айтқанда, табиғи ресурстарды игеру саласындағы әлеуетті іске асыру, сондай - ақ, экономиканың өзге де салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Пол Браммелл Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы Ұлыбританияға жасаған сапары "екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына өте жақсы серпін бергенін" атап өтті.

Ұлыбритания елшісі мұнай - газ секторындағы, сондай - ақ, көлік, қаржылық қызмет және білім беру салаларындағы өзара іс - қимылдың сәтті нәтижелеріне тоқталды.

Сонымен бірге, П.Браммелл келесі аптада Қазақстанға Ұлыбританияның жоғары білім және интелектуалдық меншік министрі Дэвид Лэммидің келетінін хабарлады. "Талқылауға тұрарлық көптеген жағымды тақырыптар бар. Мәселен, Ұлыбританияның Астана қаласындағы Н.Назарбаев атындағы Жаңа университетті дамытуға қолдау көрсетуі", - деді ол.

Премьер - министр Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы қарым - қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін елшіге алғысын білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Ұлыбританияның ынтымақтастығы әрі қарай да нығайып, кеңейе түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов ENRC PLC директорлар кеңесінің төрағасы Йоханесс Ситтардпен кездесті.

Кездесу барысында операциялық қызметтің мәселелері мен компанияның Қазақстандағы инвестициялық бағдарламалары талқыланды.

Й.Ситтард компания Қазақстан үкіметімен ынтымақтастықты жалғастыруға және ел аумағында жобаларды іске асыруға дайын екенін айтты.

Премьер - министр компанияның даму жоспарын мақұлдап, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін компания басшылығын ҚР үкіметімен өзара тығыз қарым - қатынасты тереңдетуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны