11.11.2009, 18:27 3305

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қазақстан Республикасының премьер - министрі Кәрім Мәсімов Словения Республикасының Данило Тюркпен кездесті.

Кездесу барысында қазақстан - словения арасындағы сауда - экономикалық өзара қарым - қатынастардың жай - күйі және болашақтағы дамуы жөнінде әңгіме өрбіді.

Тараптар экономиканың түрлі салаларында ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытты.

Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кедендік одақтың құрылуы екі жақты Қазақстан - Словения өзара іс - қимылдың әлеуетін анағұрлым кеңейтетіні аталып өтілді.

Кездесу соңында К.Мәсімов пен Д.Тюрк қазақстан - словения бизнес- форумының жұмысына қатысты.

Сондай-ақ, бүгін премьер - министр Кәрім Мәсімов "Шеврон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Дэвид О'Райлли бастаған корпорация өкілдерімен кездесті.

Д. О'Райлли бұл лауазымдағы өз қызметінің аяқталғаны туралы және премьер - министрге "Шеврон" компаниясының жаңа басшысы ретінде Джон Уотсонды таныстырды.

Содан кейін қазақстандық кен орындарын игеруге қатысты жобаларды іске асыру мәселелері және "Шеврон" корпорациясының Қазақстандағы қызметінің келешегі талқыланды.Сондай - ақ, үкімет басшысына компанияның Қазақстандағы нысандарында жүргізіліп жатқан күкіртті сақтау және жою жұмыстары жөнінде хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны