16.02.2010, 18:36 3615

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер - министрі Кәрім Мәсімов Израильдің бұрынғы премьер - министрі Эхуд Ольмертпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметітң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде Қазақстан мен Израиль арасындағы экономикалық өзара қарым - қатынастың ағымдағы жай - күйі және перспективалары жөнінде, сондай - ақ, орын алып жатқан жаһандық экономикалық үдерістер және оның Қазақстан мен Израиль елдеріне әсері туралы әңгіме өрбіді.

Тараптар екі жақты сауда - экономикалық байланыстарды дамытуға өзара мүдделілікті және Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер - министрі Кәрім Мәсімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Оңтүстік - Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша бас директоры Оливье Декамппен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ЕҚДБ Қазақстанның индустрияландыру, әртараптандыру және инновациялық даму бағдарламаларын іске асыруға қатысу мүмкіндіктері жөнінде мәселелер талқыланды.

Тараптар 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық - инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасында көзделген жобаларды және орнықты энергетиканы дамытуға қатысты шараларды, сондай - ақ, Қазақстандағы жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ЕҚДБ қатысу перспективаларын қарастырды.

Сонымен қатар, 2011 жылы Астана қаласында ЕҚДБ 20-шы жыл сайынғы басқарушы жиналысын өткізуге әзірлік барысы туралы да мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында К.Мәсімов пен О,Декамп Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы тығыз қарым - қатынастың сәтті жалғасатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны