31.03.2009, 11:48 3348

Қазақстан үкімет басшысы біртұтас Кедендік одақ құру жөніндегі келіссөздерді жаңа деңгейге көтеруді тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы біртұтас Кедендік одақ құру жөніндегі келіссөздерді жаңа деңгейге көтеруді тапсырды

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов біртұтас Кедендік одақ құру жөніндегі келіссөздерді жаңа деңгейге көтеруді тапсырды. Бұл туралы ол бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекет басшысы біздің алдымызға біртұтас Кедендік одақ құру жөніндегі келіссөздерді жеделдету мақсатын қойды. Келіссөздердің деңгейін көтеруге шешім қабылдадық. Өмірзақ Естайұлы, сізге келіссөз жүргізуші топты басқаруды тапсырамын",- деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, Кәрім Мәсімовтың Ресей Федерациясының үкімет басшысы Владимир Путинмен жүргізген келіссөздерінің барысында Кедендік одақты құруға дайындық жұмыстарына кедергі болып отырған проблемалар талқыланған. "Кедендік одақты құруға кедергі келтіріп отырған бір мәселе - есірткі тасымалы. Ресей Федерациясының пікірінше, Ауғанстаннан басталатын есірткі трафигі Қазақстан арқылы өтеді", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны