07.10.2009, 10:09 1796

Қазақстан үкімет басшысы бүгін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барады

Қазақстан үкімет басшысы бүгін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барады

Бішкек. 7 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Кәрім Мәсімов пен Қырғыз үкімет басшысы Игорь Чудинов түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін кең көлемде талқылайды. Кездесуде осы жылдың маусым айында Астанада өткен Қазақстан - Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің отырысында қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуына баса назар аударылмақ.

Түстен кейін К.Мәсімовты Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қабылдайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны