30.09.2008, 16:35 6333

Қазақстан үкімет басшысы депутаттардан астық нарығын реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобаларындағы үкіметтің көзқарастарын қолдауды сұрады

Қазақстан үкімет басшысы депутаттардан астық нарығын реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобаларындағы үкіметтің көзқарастарын қолдауды сұрады

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов депутаттардан астық нарығын реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобаларындағы үкіметтің көзқарастарын қолдауды сұрады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұзақ мерзімді перспективада тиісті заңнамалық базаға арқа сүйеуге тіис. Тұрақтандыру қорларын құру және оларды қалыптастыру механизмдерін, оларды пайдалану және тауар интервенциясын жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың құзыретін, тұрақтандыру қорлары мен астық нарығын бақылау механизмдерін нақты айқындап алу қажет ", - деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысы биыл агроөнеркәсіптке кешенді дамытуға 134,4 млрд теңге (былтырғыдан 73% артық қаражат) жұмсалғанын айтты. "Астана мен Алматының төңірегінде азық-түлік белдеуін құру жұмыстары жүргізілуде. Астық, ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант пен күріш секілді бірінші қажеттіліктегі тауарлар бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Отандық тауар өндірушілер астық дақылдарының ұлттық тұтынымын 8 есе, ет өнімдерін 114%, сүт және сүт өнімдерін 125% қамтамасыз ете алады деп АШМ есептеп отыр", -деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны