12.01.2009, 19:06 3052

Қазақстан үкімет басшысы елімізде сандық телевидениені дамыту мәселесін дәйектеуді тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы елімізде сандық телевидениені дамыту мәселесін дәйектеуді тапсырды

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов елімізде сандық телевидениені дамыту мәселесін дәйектеуді тапсырды. Ол мұны Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп сіздер алдағы алқа мәжілісінде Қазақстанда сандық телевидениені дамытуға қатысты өз ұсыныстарыңызды білдірулеріңіз қажет",- деді Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне арнаған сөзінде.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы премьер - министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен 2008 жылғы жұмыс қортындылары және 2009 жылға арналған жұмыс жоспары жөнінде Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

"Агенттіктің 2008 жылғы қызметі және 2009 жылға арналған міндеттер туралы" құттықтау сөзімен және баяндамамен ҚР АБА төрағасы Қуанышбек Есекеев сөз алды.

Алқа жұмысының бірінші күнінің аяқталуында ҚР мемлекеттік органдары серверлік орталығының көрсетілімі және журналистер үшін баспасөз конференциясы болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны