28.01.2009, 16:35 2790

Қазақстан үкімет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне үкімет басшысының жеке блогына келіп түскен сауалдарға жауап беруді тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне үкімет басшысының жеке блогына келіп түскен сауалдарға жауап беруді тапсырды

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевқа үкімет басшысының жеке блогына келіп түскен сауалдарға жауап беруді тапсырды. Ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Онда әлеуметтік мәселелерге қатысты бес бет сұрақ жиналды. Қазір олардың бәрін оқып жатпаймын. Таяу уақыттарда оларға жауап беруді сізге тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев : "мен оларға таяу уақыттарда жазбаша түрде интернетпен жауап беремін",- деп уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны