26.09.2008, 18:28 2853

Қазақстан үкімет басшысы Еуропалық Комиссияның еліміздегі өкілдігінің басшысы Норбер Жюстенмен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы Еуропалық Комиссияның еліміздегі өкілдігінің басшысы Норбер Жюстенмен кездесті

Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Еуропалық Комиссияның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Норбер Жюстенмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н. Жюстен Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің жаңа басшысы ретінде танысты.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселесін талқылады.

Кездесу барысында сондай-ақ Брюссельдегі Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңес отырысының және Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі 1-ші форумның қорытындылары талқыланды.

Тараптар сауда, инвестиция, энергетика, сондай-ақ адам құқықтары мәселелері бойынша диалогты дамыту жөніндегі өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі туралы бірыңғай пікірге келді.

Премьер-министр Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қолдау білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны