23.10.2009, 19:09 3270

Қазақстан үкімет басшысы халықаралық қаржы институттарының өкілдерімен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы халықаралық қаржы институттарының өкілдерімен кездесті

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы халықаралық қаржы институттарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк сарапшыларының делегациясы мен салалық сарапшылармен, сондай - ақ, Бүкіләлемдік банктің Орталық Азия аймағы бойынша бұрынғы директоры Деннис де Треймен кездесті.

Кездесу барысында әлемдік және қазақстандық экономиканың дамуының қауіп - қатерлері мен стратегиялық перспективалары қаралды.

Атап айтқанда, сарапшылар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік - экономикалық дамуының Стратегиялық жоспарының жобасында (Стратегия) қамтылған дағдарыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіруге қатысты және оны әрі қарай әртараптандыруда, болашақта осыған ұқсас экономикалық сілкіністер туралы ескертуде міндеттерді айқындаудың дұрыстығын атап өтті.

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Стратегия ұзақ мерзімді мемлекеттік жоспарлау үшін жақсы негіз болып табылады және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау мен пайыздық мөлшерлеменің дәлме - дәл деңгейін сақтау, инфляцияны реттеу мен экономиканы әртараптандыру міндетін шешудің арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бейімделген.

Сарапшылар дағдарыстан кейінгі кезеңде макроэкономикалық және монетарлық саясатты жүргізу мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны