02.07.2009, 17:32 2589

Қазақстан үкімет басшысы Испания Корольдігінің делегациясымен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы Испания Корольдігінің делегациясымен кездесті

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос бастаған Испания Корольдігінің делегациясымен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Испания арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.

М.Моратинос бүгін Астана қаласында өткен экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-испания үкіметаралық комиссиясының төртінші мәжілісінің қорытындысы бойынша екі елдің арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге, сондай-ақ, екі жақты бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылғанын хабарлады.

Ол Испания Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестік деңгейінде өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны