09.04.2009, 17:42 3578

Қазақстан үкімет басшысы канадалық сенаторды қабылдады

Қазақстан үкімет басшысы канадалық сенаторды қабылдады

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Канада парламентінің сенаторы Консильо Ди Ниномен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Канада арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, жаһандық экономикалық үдерістердің Қазақстан мен Канада мемлекеттеріне тигізіп отырған әсері және осы орайда қолға алынған шаралар туралы әңгіме өрбіді. Бұл ретте екі елдің әлеуметтік - экономикалық дамуына ықпал ететін көптеген жағдайлардың ұқсастығы да аталып өтілді.

Кездесу барысында сенатор Канаданың Қазақстанға қатысты ұстанымы ЕҚЫҰ шеңберінде жақын екеніне тоқталды. К.Ди Нино мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тек екі жақты деңгейде емес, сонымен бірге халықаралық ұйымның қамқорлығымен де сәтті дамиды деп есептейді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан-Канада қарым- қатынасының әрі қарай да оңтайлы дамитынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны