30.09.2008, 14:57 2997

Қазақстан үкімет басшысы "Қаржылық тұрақтылық туралы" заңды тездетіп күшіне енгізу қажет деген пікірде

Қазақстан үкімет басшысы "Қаржылық тұрақтылық туралы" заңды тездетіп күшіне енгізу қажет деген пікірде

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Қаржылық тұрақтылық туралы" заңды тездетіп күшіне енгізу қажет деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздің бір де банкі ішкі-сыртқы міндеттемелері бойынша дефолтқа жол берген жоқ, жыл басынан бері банктердің активі 4,3%, ал жеке капиталы 11,4% ұлғайды, ішкі валюта нарығы да тұрақты", - деді ол.

"Дегенмен, қазір банк активтерінің сапасы нашарлау проблемасы алдан шығатын түрі бар. Сол себепті "Қаржылық тұрақтылық туралы" заңның механизмдерін іске қосу қажет деп ойлаймыз ", - деді үкімет басшысы.

Премьердің айтуынша, заң жобасының мақсаты қаржы ұйымының ірі қатысушысының оларды төлемдік қабілетсіздік жағдайына жеткізгені үшін жауапкершілігін белгілеу, сондай-ақ, банктің қаржылық ахуалы нашарлаған жағдайда банк акцияларын мемлекеттің сатып алу процедурасын енгізуге саяды.

"Бұл қадам қаржылық ұйымдардың, бірінші кезекте банктердің клиенттерінің қауіпсіздігін арттыру, қаржы жүйесіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны