04.02.2010, 14:39 2989

Қазақстан үкімет басшысы Кедендік одақтың кодексін толықтыруды және оны қатысушы елдердің қарауына белгіленген мерзімде ұсынуды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы Кедендік одақтың кодексін толықтыруды және оны қатысушы елдердің қарауына белгіленген мерзімде ұсынуды тапсырды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Кедендік одақтың кодексін толықтыруды және оны қатысушы елдердің қарауына белгіленген мерзімде ұсынуды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін ҚР Қаржы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Меніңше, ұлттық кеден кодексі бізге керек, өйткені, анау негіздемелік кодекс көптеген сұрақтарға жауап бере алмайды, ол тек ортақ көріністі ғана жасайды", - деді Кәрім Мәсімов қаржы министрлігінің басшылығына қаратып айтқан сөзінде.

Оның айтуынша, Ресей жағында Кеден кодексіне қатысты сұрақтар туындап отыр.

"Жоба жасалғанын мен білемін, сол себепті енді ұзаққа соза бермей, белгіленген мерзімде оны ұсыну керек, өзгерістер де енгізуге болады", - деді үкімет басшысы.

"Экономика министрлігімен бірлесіп белгіленген мерзімде Кедендік кодексті енгізуді тапсырамын, өзіміздің одан әрі жұмыс істей алуымыз үшін қажет бұл", -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны