04.02.2009, 17:42 3002

Қазақстан үкімет басшысы құқық қорғау органдарына доллардың бағамын 150 теңге плюс-минус 3% деңгейінде бақылауды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы құқық қорғау органдарына доллардың бағамын 150 теңге плюс-минус 3% деңгейінде бақылауды тапсырды

Астана. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов құқық қорғау органдарына доллардың бағамын 150 теңге плюс-минус 3% деңгейінде бақылауды тапсырды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 150 теңге плюс-минус 3% болмақ. Мен құқық қорғау органдарына өзінің өңірлік бөлімшелеріне тапсырма беріп, алыпсатарлық ажиотаж тудырмауды қадағалауды тапсырамын. Осындай кезде бір қарпып қалуды қалайтындар қашан да жетеді",- деді үкімет басшысы.

Ол сонымен бірге құқық қорғау органдарына жергілікті жерлердегі іс-әрекеттерін үйлестіруді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны