08.06.2009, 18:26 3004

Қазақстан үкімет басшысы Литва сыртқы істер министрімен және "Шеврон" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы Литва сыртқы істер министрімен және "Шеврон" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Астара. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Литва сыртқы істер министрімен және "Шеврон" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Литва Республикасының сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкаспен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Литва арасындағы екі жақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешені саласында бірқатар жобаларды бірлесіп іске асыру жайы қаралды.

Тараптар Қазақстан мен Литва арасында қол жеткізілген өзара түсіністіктің жоғары деңгейі екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретіне сенім білдірді.

Сондай-ақ, бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Шеврон" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джозеф Дэвид О` Райли бастаған компания өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық мұнай көздерін барлау, КҚК мұнай құбырын кеңейтудің перспективалары, сондай-ақ, мұнай тасымалының Қазақстан Каспий жүйесін құруға және өзге де инфрақұрылымдық жобаларға корпорацияның қатысуы туралы мәселелер талқылады.

Д. О`Райли Қазақстан басшылығына көрсетіліп жатқан қолдау мен тығыз ынтымақтастық үшін ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар, ол корпорация қызметінде "қазақстандық тауарлар мен қызмет түрлерін жеткізіп берушілердің үлесін арттыруға айырықша көңіл бөлініп отырғанын, сондай-ақ, қазіргі таңда байқалып отырған экономикалық дамудың бәсеңдеуіне қарамастан, бұл көрсеткішті биыл ұлғайта түсетінін" атап өтті.

Үкімет басшысы барлау мен өндіру, қайта өңдеу мен тасымалдау және мұнай өнімдерін сатуға дейінгі мұнай бизнесінің барлық буынын қамтитын Қазақстандағы "Шеврон" корпорациясының жоспарларын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны