29.05.2008, 10:20 1273

Қазақстан үкімет басшысы Малайзия елшісіне екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты

Қазақстан үкімет басшысы Малайзия елшісіне екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше Малайзияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дато Тан Тай Хинмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министр допломатиялық қызметінің мерзімі аяқталған елшіге Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде, Малайзия елшісі екі жақты қарым-қатынастарды дамыту ісіндегі көмегі мен ынтымақтастығы үшін Қазақстан басшылығына деген ризашылығын білдірді.

Тараптар кездесу соңында Қазақстан мен Малайзияның саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығының одан әрі үдемелі дамуына деген сенімдерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны