29.10.2008, 15:57 1638

Қазақстан үкімет басшысы мен ханзада Кәрім Ага Хан Қазақстанда Орталық Азия университетін ашу мәселесін талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен ханзада Кәрім Ага Хан Қазақстанда Орталық Азия университетін ашу мәселесін талқылады

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ханзада Кәрім Ага Хан IV-іншімен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар әлеуметтік, экономикалық және мәдени даму салаларындағы ауқымды мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Иңгімелесушілер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Үкіметтері мен ханзада Ага Хан IV-інші арасындағы халықаралық шарт аясында Қазақстанда Орталық Азия университетін ашу және оны ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Тараптар халықтар арасындағы өзара сенім, достық және бейбітшілікті нығайту аясында білім беру, сондай-ақ тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің соңында ханзада Кәрім Ага Хан IV премьер-министрге Қазақстандағы миссиясына көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны