Система Orphus

Қазақстан үкімет басшысы мен Қырғызстан сыртқы істер министрі екі жақты сауда- экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешектегі жай-күйін талқылады

30.04.2009, 18:55 3799

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевпен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан президенттері арасында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, сондай-ақ, екі жақты сауда- экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешектегі жай-күйі талқыланды.

Тараптар сауда айналымының өсімін атап көрсетіп, экономикадағы өзара іс-қимылды әрі қарай кеңейтуге екі мемлекеттің де мүдделі болып отырғанын жеткізді.

"Бізде ірі жобаларды бірлесіп іске асыруға қатысты жоспарлар бар. Бұл орайда қандай да бір нақты шешім екі ел үкіметтері басшыларының кездесуінде қабылданады деп ойлаймын",- деді Қ.Сарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны