19.04.2007, 17:23 3113

Қазақстан үкімет басшысы мен Молдованың өнеркәсіп және инфрақұрылым министрі екі жақты қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқылады

АСТАНА. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Молдова Республикасының өнеркәсіп және инфрақұрылым министрі Владимир Антосияны қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында әңгімесушілер екі жақты, атап айтқанда, экономика саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйін талқылады.

К. Мәсімов атап өткендей, "Біздің еліміз сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға өзара қызығушылығына қарамастан, оны одан әрі белсенді жүргізу үшін үлкен әлеует жетерлік". Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты қарқынды жүргізіп, көлемін арттырып, тауар айналымының құрылымын әртараптандыру және кеңейту керек,- деді ҚР премьер-министрі.

В. Антосияның айтуынша, "Қазақстан - қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, ал, Молдова қазақстандық инвестицияға мүдделілілік танытып отыр". "Бүгінде Молдова Қазақстаннан инвестиция тартуға қызығушылық танытуда. Бұл үшін біз жақсы инвестициялық ахуал жасаймыз. Біз сондай-ақ қазақстан-молдова бірлескен кәсіпорындарын құрған болар едік, осылайша, Қазақстан Еуропаға шыққан болар еді",- деп атап өтті Молдова Республикасының өнеркәсіп және инфрақұрылым министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны