11.12.2009, 15:40 3084

Қазақстан үкімет басшысы мен Ресейдің мемлекеттік корпорацияларының басшылары екі елдің даму институттарының инвестиция саласындағы өзара іс - қимыл перспективалары жөнінде талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Ресейдің мемлекеттік корпорацияларының басшылары екі елдің даму институттарының инвестиция саласындағы өзара іс - қимыл перспективалары жөнінде талқылады

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы мен Ресейдің мемлекеттік корпорацияларының басшылары Қазақстан мен Ресейдің даму институттарының инвестиция саласындағы өзара іс - қимыл перспективалары жөнінде талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Мәскеуде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресейдің "Даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі (Внешэкономбанк)" және Сбербанкі мемлекеттік корпорацияларының басшыларымен кездесті.

Внешэкономбанкінің басқарма төрағасы Владимир Дмитриевпен кездесу барысында халықаралық қаржы рыногындағы ағымдағы жағдай, Қазақстан мен Ресейдің даму институттарының инвестиция саласындағы өзара іс - қимыл перспективалары жөнінде әңгіме өрбіді.

Премьер - министр сондай - ақ, В.Дмитриевті Внешэкономбанктің 85- жылдығымен құттықтады.

Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы әрі президенті Герман Грефпен кездесуде банк саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері және Ресей Сбербанкінің қазақстандық қаржы рыногындағы қызметін дамыту жайы талқыланды.

К.Мәсімов Қазақстан мен Ресей арасындағы банк және қаржы саласында өзара іс - қимылдың әрі қарай да баянды дамитынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны